USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиеёвпен кездесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиеёвпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президентімен де кездесу өткізді. Елбасы екіжақты ынтымақтастың дамуы мен оның нығаюында Шавкат Мирзиёевтің ролін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті ұсынған бүгінгі жұмыс кездесуінің маңызы зор екенін айтты. Ал көрші елдің басшысы өз кезегінде Қазақстанға іс-сапармен келуге мүмкіндік жасалғаны үшін ризашылығын білдіріп, Нұрсұлтан Назарбаевты Орталық Азия мемлекеттері басшыларының басқосуын ұйымдастырғаны үшін алғысын жеткізді. Айтып кету керек, соңғы бір жылда екі ел арасындағы тауар айналымы бір ғана темір жол арқылы 44 пайызға өсті. Биыл өзара сауда-саттық 3 млрд долларға жетеді деген жоспар бар. Одан кейінгі меже - 5 млрд АҚШ доллары.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстанға қош келдіңіз. Сағындық. Кездеспегенімізге біраз уақыт болды. Біраз шаруа жасап жатырсыз. Көршілердің бәріне барып шықтыңыз. Барлығын түзеп жатырсыз. Я искренно приветствую вас в Казахстане. С Вашим приходом мы уже несколько раз встречались, и все о чем мы с Вами говорили, осуществляется и работает. За этот год Вы провели большую работу, наладили отношения с соседями, решили нерешаемые десятки лет вопросы, взаимного сообщения, торговли. И вообще все настроение изменилось. Встречаемся со всеми коллегами, нашими братьями. У нас никакой другой задачи нет. Политического смысла здесь нет. Мы хотим, чтобы проблемы соседей мы здесь решали, экономические вопросы, вопросы взаимоотношения, торговли, связи, транспорта. Поэтому приветствую ваш приезд от души. Радуюсь, что вы приехали.

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының Президенті:

- Мен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуін өткізуге қолдау көрсеткеніңіз үшін алғысымды айтамын. Ел тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап, Сіз интеграция туралы жиі айтып келесіз. Біздің мемлекеттер бірігіп, тәжірибе алмасу керегін айтып, экономикалық, гуманитарлық қарым-қатынасты дамыту қажеттігін де күн тәртібіне қойып жүрсіз. Соңғы бір жарым жылда жеткен жетістіктердің бәрі сіздің арқаңыз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде