Қазақстан футболшылары Венгрия құрамасын 3:2 есебімен жеңді
- 316

Түнде Будапештте футболдан Қазақстан және Венгрия құрамалары арасында өткен жолдастық кездесуде аяқдопшыларымыз 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұл мачтың, әсіресе, жерлестеріміз үшін маңызы зор. Өйткені жақында ғана сайланған жаңа бапкер жігіттердің қарым-қабілетін байқап, алдағы уақытта ел намысын қорғайтын аяқдопшыларды іріктеп алады. Мажарстан футболшылары үшін де бұл шеберлікті шыңдап, тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік болғаны анық. Айта кетейік, Қазақстан мен Венгрия құрамалары ең соңғы рет 2014 жылы кездескен еді. Ол кезде Венгрия 3: 0 есебімен жеңген еді. Ал 26 наурыз күні футболшыларымыз Болгария құрамасымен кездеседі.
Осы тақырып бойынша
- Елімізде бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасына футбол сабағы енгізіледі
- Еліміздегі мектептерде 1-4 сыныптардың бағдарламасына футбол пәні енгізіледі
- Месси әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшылар тізімінде көш бастады
- Әлем чемпионаты-2018: Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Венгрияны ойсырата ұтты
- Анкарада қазақстандық студенттер арасында шағын футболдан турнир өтті