USD 340.27

EUR 396.40

РУБ 5.34

Сенатта еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшерін өсіру ұсынылды

Сенатта еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшерін өсіру ұсынылды

Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері мен күнкөріс минимумын ұлғайту қажет. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы палата отырысында осылай деп мәлімдеді.

Жұмыспен қамту мен көші қон мәселелері талқыланған жиында бұл ұсыныс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қатысты айтылды. Сенаторлардың пікірінше, қазіргі кезде ведомствоның бұл мақсатты орындауға мүмкіндігі бар.

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қазір біздегі ең төменгі айлық көрсеткіш 28 мың теңгені құрап оытр. Егер басқа елдермен салыстырсақ, бұл өте аз сома. Мәселен, Беларусь елінде бұл көрсеткіш 50 мың, Арменияда 37 мың, Украинада 35 мың, ал Литва мен Эстонияда 200 мың теңгеге жуықтаған. Біздің ойымызша министрлік осы мәселені қолға алып, халықтың жалақысы мен күнкөріс минимумын арттыруға тиіс.

Биыл 60 мың адам жұмысқа орналастырылады. Сенат отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова осылай мәлімдеді. Оған жұмыспен қамту туралы заңға енгізілетін жаңа өзгерістер сеп болмақ. Ведомство бұл салада аутсорсинг қызметін жүзеге асыруды көздеп отыр. Яғни енді халықтың екі қолға бір күрек табу түйіткілін шешуге жеке агенттіктер атсалысады.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: 

- Осы мақсатта халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтер аутсорсингі деген ұғым енгізіледі. Бастапқы кезеңде аутсорсинг кәсіптік бағдар беруде қызметтерді береді. Бұл биыл 60 мың адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде