USD 326.52

EUR 400.80

РУБ 5.32

Қ.Қасымов: Қазақстан бойынша 1500-ден астам үй су астында қалған

Қ.Қасымов: Қазақстан бойынша 1500-ден астам үй су астында қалған YK-news.kz

Еліміз бойынша 50 елді мекенде 1,5 мыңнан астам үйді су алған.

Әсіресе Шығыс Қазақстандағы жағдай күрделі. Бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі аймақтағы ахуалға қатысты осындай есеп берді. Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, республика бойынша қауіпті аймақтардан қазір 4 мыңға тарта адам көшірілген. Бірақ Шығыс Қазақстанда әлі күнге дейін 396 үй мен 185 аула су астында қалып отыр. Сондықтан Семей қаласында, Аягөз, Зырян және Шемонаиха аудандарында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланған. Аймақ басшысының айтуынша, Зырянда соңғы 60 жылда мұндай су тасқыны болмаған. Бұқтырма өзенінде мұздың қалыңдығы қазір 2 метрге жетіпті. Енді облыстағы жағдайды реттеу үшін Даниал Ахметов 2 миллиард теңге бөлуді сұрап отыр. Үкімет басшысы Қаржы министріне шұғыл түрде тиісті шешім шығаруды тапсырды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде