USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Мемлекет басшысы «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

Елордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы әрі бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен кездесті.

Басқосуда Қазақстандағы мұнай өндірісі мен өңдеу ісі талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл компаниямен сенімді әріптестік орнап, оның алдағы уақытта жаңа серпінмен дамитынын атап өтті. Сонымен қатар «Теңіз» кен орнына ауқымды инвестиция құйылып, тасымалдау, саудалау тұрғысында тиімді жұмыс жүргізілгенін тілге тиек етті. Елбасы жақында ғана жаңа қызметіне кіріскен Майкл Уиртті құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- У нас встреча праздничная. 20 лет работы компании показали очень близкое сотрудничество. Инвестиции были большие. Сложнейшее, самое глубинное месторождение, самое крупное с лёгкой нефтью, решили вопросы транспортировки. Так быстро прошли 25 лет. Мы в январе встречались с Вами в Вашингтоне. Я хочу поздравить Вас со вступлением в должность. Будем работать.

Майкл Уирт, «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы:

- Құрметті Президент, жылы сөздеріңіз үшін рақмет. Ең бастысы, 25 жылға созылған сенімді серіктестік пен қолдауыңызға алғыс білдіреміз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде