359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев: Бүгінде Астанаға бүкіл дүние жүзі қызығып тамсанады

  • Read 353 times
  • Media
Н.Назарбаев: Бүгінде Астанаға бүкіл дүние жүзі қызығып тамсанады

Елордалық студенттерді қонақүйлер мен хостелдерге орналастыру жоспарланып отыр. Елбасының бес бастамасын жүзеге асыру мақсатында Астана әкімдігі осындай шешім қабылдады.

Бүгінде бас қалада 10 мыңнан астам студент жатақханадағы орынға мұқтаж. Сондықтан бұл сұранысты жабу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жоғары оқу орындары мен колледж тәлімгерлерін мейманханаларға жайғастырмақ. Бұл туралы қала әкімі Әсет Исекешев Астаны дамытуға арналған мәжілісте Қазақстан Президентіне баяндады. Шаһар басшысы Елорданы газдандыру мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, 2020 жылы барлық жылу электр орталығы газға көшіп, осылайша ауаға зиянды заттардың шығарылуы 30 пайызға азаяды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана ел экономикасының локомотиві екенін айтып кетті. Сондықтан Елорданың өсіп-өркендеуі ұдайы басты назарда. Арқа төріндегі алып шаһар бүгінде халықаралық бастамалар жүзеге асатын, орайлы ортаға мәні зор мәселелер қаралатын ашық алаңға айналды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Елордамыздың 20 жасқа толған мерекесін бәріміз жабылып, жақсылап атап өтуіміз керек. Ол елдің қуанышы, достарымыз қуанып, қастарымыз қуанатын мәселе. Қаланы қалай салып, қалай көтергеніміз әлі бәріміздің есімізде. Ыстыққа да, суыққа да қарамастан елорданы салуға, дамытуға Қазақстанның барлық өңірі атсалысты. Бүгінде Астанаға бүкіл дүние жүзі қызығып тамсанады. Әлемдік стандартқа сай, заманауи қала салдық. Біріншіден, елордамыз экономикалық дамудың драйверіне айналды. Жиырма жыл ішінде қаланың жалпы өңірлік өнімі 4 еседен ұлғайды. Астана инвестиция тарту жөнінен көшбасшылардың бірі болды.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы