352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 75 мың орындық жатақхана салуға инвесторлар тартылмақ

  • 297

Қазақстанда студенттерге арналған 75 мың орындық жатақхана салу үшін инвесторлар тарту керек. Мұндай ұсынысты Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі орталығының мамандары жасады. Ол үшін ең алдымен жоғары оқу орындары қанша кісілік жатақхана керек екенін айтып, құрылыс жобасына өз талаптарын енгізеді.

Мердігер компания болса барлық шығынды өз мойнына алып, студенттер үйін тұрғызады. Есесіне жаңа ғимараттың қожайыны ретінде төменгі қабатты жалға беру құқына ие болады. Сондай-ақ мемлекет құрылыс кезінде шыққан шығынды келісілген уақыт аралығында төлеп беруді мойнына алады. Мемлекет пен инвестор арасында дәнекерлік етуші орталықтың басшылары жатақхана салу үшін құрылысы тоқтап тұрған нысандардың қожайындарымен келісуге болатынын айтады.

Талғат Матаев, «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

– Негізінен біз жатақхана ретінде емес, оларды Студенттер үйі ретінде қарастырып жатырмыз. Ол жерде студенттер көп уақыт өткізетін жер болады.

Орынбай Қуанышбаев, С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледж директоры:

– Біз 3 жылдан бері Мемлекеттік-жекеменшік орталығымен бірлесіп, 600 орындық колледждің 200 орындық жатақханасын салу үшін 5 га жер бөлінген.

Хабар 24 телеарнасы