USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Биыл елімізде 298 инвестициялық жоба жүзеге асады

Биыл елімізде 298 инвестициялық жоба жүзеге асады

Алдағы уақытта шетелге Қазақстан арқылы өтетін Үндістан азаматтары үшін елімізде визасыз режим енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Инвестиция және даму министрінің орынбасары Арыстан Қабыкенов мәлімдеді. Бүгінде Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізілген елдердің саны 61-ге жеткен. Сондай-ақ вице-министрдің айтуынша, елдегі инвестициялық климатты одан әрі жақсарту үшін заңнамалық пакет қабылданады.

Бүгінде инвестор тартудың нақты жоспары бекіді. Атап өтейік, Атырау, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласында инвестициялық даму көрсеткіші жоғары. Ал Астана мен Маңғыстау, Шығыс Қазақстан аймақтарында бұл бағыттағы жұмысты ширата түсу қажет. Осы мақсатта министрлік «Қазақ Инвест» ұлттық компаниясымен бірлесіп, 2020 жылға дейін 658 инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ. Оның бірcыпырасы биыл іске қосылады.

Арыстан Қабыкенов, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі

– Биыл жалпы құны 6,5 миллиард теңгеден асатын 298 жобаны іске қосу, және жалпы құны 11 миллиард теңгені құрайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын іске қосу жоспарланып отыр.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде