359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев: Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – еліміз үшін теңдессіз оқиға

  • 236
Н.Назарбаев: Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – еліміз үшін теңдессіз оқиға

Астанадағы Назарбаев орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жыл толуына орай жиын өтіп жатыр.

Салтанатты шараға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда. Жиын барысында Елбасы қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті: 

- Мақаламның шыққанына бір жыл болды. Бір жылдың ішінде асыққан жоқпыз, көштен қалыс қалған да жоқ. Бәрін қадағалап отырмын. Бұл бағдарлама барлығын біріктіріп, бір салаға салғандай болды. Халық түсінді, қабылдады. Әр бағыт бойынша жұмыс жасалынып жатыр. Бірінші, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді бастадық. Бұл жөнінде халық арасында көп әңгіме болды. Талдау болды, елдің, ғалымдардың пікірін жинадық. Бұл біздің еліміз үшін теңдессіз оқиға деп санауға болды.

Хабар 24 телеарнасы