352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасының Қазанға сапары барысында қазақ-татар қарым-қатынасын нығайтатын бастамалар көтерілді

  • 523

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Татарстан Республикасына жұмыс сапары қорытындыланды. Елбасы онда бірқатар маңызды кездесулер өткізіп, екі жақты сауда-экономикалық мәселелерді басты назарға алды.

Қазақ-татар қарым-қатынасын одан әрі нығайта түсетін бастамалар да көтерілді.

Мемлекет басшысының Қазандағы жұмыс сапары жергілікті уақыт бойынша таң сәріден басталды. Нұрсұлтан Назарбаев алдымен Қазан федералды университетіне барды. Бұл оқу орнының тарихы тереңде жатыр. Екі ғасырдан астам уақыттан бері мұнда маман даярлау үрдісі үздіксіз жалғасып келеді. Ресейдегі ең ежелгі һәм маңдайалды университтердің бірінде қазақстандық 500-ден астам студент білім алады. Солардың бір парасымен бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүздесті.

Динара Сұлтан, студент:

- Қайырлы күн, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Рустам Нұрғалиұлы! Бүгін Сіздерді 2 жүз жылдан астам тарихы бар Қазан федералды университетінде көргенімізге өте қатты қуаныштымыз. Осында лингвистика мамандығы бойынша 2-курс магистрантымын. Қазір университеттегі шетелдік студенттер ұйымының жетекшісімін.

Сұлтан Хамзин, студент:

- Барша қазақ жастарының атынан Сізге алғыс білдіргім келеді және де Сіздің арқаңызда болашақта өз Отанымыздың қарқындап дамуына өз үлесімізді тигіземіз деген ниеттемін.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Айт күні келіп тұрмын сендерге. Қолдасын Алла барлығыңды. Бұл енді үлкен тарихы бар университет. Сендер де бұрын қазақтар өткен 19-ғасырда осы жерде білім алған. Біздің білімділеріміздің барлығы осында. Біздің бұл университет артында жатқан үлкен тарихымыз бар, соған үңіліп қараңдар.

Әлемде үздік 350 жоғары оқу орны болса, соның бірі осы Қазан федералды университеті. Мұнда Ресейдің белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері тәлім алған. Сондай-ақ бірқатар қазақ зиялылары да осы университетті тәмамдаған. Ал бүгін оқу орны ғылыми кеңесінің шешімі бойынша Елбасыға «Құрметті доктор» атағы берілді.

Қазақ пен татарды ортақ тарихи тамыр байланыстырады. Дініміз бір, тіліміз ұқсас. Өзіндік дәстүр сабақтастығымыз да бар. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ең алдымен туысқан татар еліне сапармен келуге шақырғаны үшін Татарстан Президенті Рустам Нургалиевич Миннихановқа ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіздер.  Мен Татарстанға әрдайым ізгі ниетпен келемін. Нас объединяет единое тюркское наследие. Наше взаимодействие имеет богатую историю, которая продолжается со времен Великого тюркского каганата и Золотой Орды. Известно, что правительница Казанского ханства 16-века Сююмбике являлась потомком знаменитого Едиге би. Общим для наших народов считается наследие поэта и философа Асан-кайгы.

19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың басында Татарстанда қазақ газеттері  мен журналдары көптеп шығарылған. Тіпті қазан төңкерісіне дейін мұнда ана тілімізде басылған кітаптардың таралымы 2 миллионға жуықтаған. Екі елдің тарихи тамырластығы Қазақстан мен Татарстанның сенімді серіктестігіне негіз болды. Бұған осы мемлекетте тұратын қандастарымыз мен студенттеріміздің тату-тәтті тірлігі дәлел. Оған біздің елдегі 240 мыңнан астам татар диаспорасын қосыңыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- У казахского народа есть мудрая пословица: «Ағаш тамырымен, адам досымен мықты». Она близка по содержанию к татарской поговорке «Ялгыз агачны жил сындыра» (Одинокое дерево ветер сломает). Я уверен, что добрые традиции казахстанско-татарстанской дружбы и взаимопонимания и впредь будут углубляться и крепнуть на благо наших народов.

Жалпы қазақстан мен татарстан арасындағы сауда-экономикалық көрсеткіш былтыр 703 миллион долларды құрады. Әсіресе, Қазақстаннан осы мемлекетке саудаланатын өнім көлемі айтарлықтай артты. Бізден мұнда негізінен қара металл, минералды отын, мыс және одан жасалатын өнімдер экспортталады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Особого внимания заслуживают наши торгово-экономические отношения, которые сегодня расширяются и углубляются. Мы совместно реализуем различные инвестиционные проекты в областимашиностроения, нефтехимии, военно-технического и транспортно-логистического сотрудничества. Ведется активное  взаимодействиемежду Казахстаном и Татарстаном в сфере науки и образования. Ярким примером этого являются успешные партнерские отношениявашего университета с 14 вузами Казахстана. 

Қазақстанның жоғары оқу орындарының 200 жылдан астам тарихы бар Қазан федералды университетімен әріптестігі қай жағынан да тиімді. Мұнда келген жастар бакалавр немесе магистр білімін жетілдіріп, кейін қарым-қабілетін Отанының өсіп-өркендеуіне жұмсайды. Осы мақсатты ұстанған қазақ студенттерінің бірі Әлішер Шауменов.

Әлішер Шауменов, студент:

- Екі жыл болды осында оқып жүргеніме. Радиофизика мамандығы Қазақстанға керек болады. Және де мына жақта қазақтың диаспорасы бар. Олар көп көмектеседі. Біздерді жинайды. Консульства көмектеседі, құжаттар керек болса.

Қазан федералды университеті мен Назарбаев университетінің ғылым саласындағы жетістіктері алдағы бірнеше жылда әлем ғалымдарын таңқалдыруы мүмкін. Себебі, қос оқу орны күн батареяларының арзан әрі тиімді түрін ойлап тауып, оны қолданысқа енгізуге кірісті.

Сергей Харенцов, ҚФУ Физика институтының доценті /Татарстан/:

- Органикалық күн батареялары арқылы электр қуатын өндіру үшін Назарбаев университетімен бірлескен жобаны қолға алдық. Жаңа материал кремний батареясына қарағанда арзан. Бірақ, тиімділігі әзірге 13 пайыз. Алдағы уақытта ол 18 процентке жеткен кезде коммерциялық тұрғыда дүмпу болады. Органикалық фотовальтаика саласында қазақстандық ғалымдар күн элементтерінің синтиезімен айналысса, біз солардың сипаттамасын анықтаймыз. 

Жаңа технологиялық революция мен цифрландыру ғасырында үздіксіз даму қажет. Бұған дейінгі жеткен жетістіктерге тоқмейілсуге болмайды. Дегенмен, бағындырған белестерді айрықша атап өткен жөн. Қазақстанның жалпы ішкі өнімі тәуелсіздік жылдары 14 есе өсіп, 160 миллиард долларды құрады. Халықаралық резервтер 90 миллиард доллардан асса, Дуинг бизнес рейтингісінде 36 орынға тұрақтадық.

Сарыарқа төсінде жаңа бас қаланың бой көтеріп, онда дүниежүзілік экспо көрмесінің өтуі де ел абыройын асқақтатты. Сондай-ақ, келер айда «Астана» халықаралық қаржы орталығының іске қосылуы елеулі еңбек болмақ. Ал Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасы осы жетістіктерді еселеуге ықпал етеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы ставим перед собой задачу – сделать образование и знания центральным звеном новой модели экономического роста страны. На всех уровняхсистемы образования внедряется проект «Триединство языков».  Его конечной целью является свободное владение населением тремя языками – казахским,  русским ианглийским. Особое внимание для развития экономики, основанной на инновациях, уделяется современным технологиям обучения. Внедрение IT-технологий во все образовательные школы страны возведено в ранг государственной политики.  в регионах сегодня создано 20 интеллектуальных школ. Они нацелены на обучение детей,способных к изучению естественно-математических дисциплин, сопоставимых с требованиями международных программ.

Бұл мақсат-міндеттердің нәтижесі көп күттірмеуі тиіс. Мәселен, индусриалды-инновациялық дамуды жалғастыру үшін кәсіби және техникалық білім саласы жаңартылып жатыр. Оның ерекшелігі студент 3 бірдей жұмыс мамандығын игеруге мүмкіндік алады. Ал еліміздің жоғары білім саласы халықаралық талаптарға сай келеді. Назарбаев Университеті тәжірибесінің негізінде 56 оқу орны адами капиталдың сапасын жақсарту бағытында жұмыс істейді. Нұрсұлтан Назарбаев студенттер мен оқытушы-профессорлық құрам алдында Қазақстан мен Ресей жастарын өзара достық қарым-қатынастарын нығайтуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Предлагаю организовать Форум молодых лидеров Казахстана и России. В рамках форума следует предусмотреть проведение научных конференций, семинаров, коуч-сессий и других мероприятий. Это позволит молодежи обмениваться своими идеями ивыработать конкретные предложенияпо самым актуальным вопросам развития наших стран. Необходимо задать новый импульс культурному обмену и активизировать  ежегодные конкурсы молодых исполнителей, художников, музыкантов с целью поддержки талантливой и творческой молодежи наших стран. При этом можно рассмотреть учреждение специальных премий для победителей таких конкурсов. Нужно рассмотреть возможность организации культурно-познавательных и краеведческихмолодежных экспедиций на уникальные исторические и географические объекты Казахстана и России. Актуальными являются контакты между нашими молодыми спортсменами. Думаю, что студенчество поддержит проведение на регулярной основетурниров среди молодежи двух стран. В целом, все это позволит сблизить нашу молодежь, повысить ее осведомленность о своих сверстниках, их интересах, а также культурных особенностях Казахстана и России.

Президент баяндамасы жастарға ерекше әсер етті. Олар бірауыздан тың бастамаларға қолдау білдірді. Ал Нұрсұлтан Назарбаев университеттің құрметті қонақтар кітабына ізгі тілегін қалдырды. Бұдан әрі Елбасының жұмыс сапары Қазан кремлінде жалғасты.

Рауан Мыңбаев, тілші:

- Қазан Кремлі – Татарстанның басты сәулеттік орны. Мұнда тек мәртебелі меймандарды қабылдау рәсімдері өтеді. Кремль аумағында орыс пен татар мәдениеті өзіндік үйлесім тапқан. Сондай-ақ мұнда Татарстан президентінің резиденциясы бар. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аялдаған екінші нысан осы болды.

Татарстан - Ресейдің ең ірі индустриалды орталықтарының бірі. Мұнда өнеркәсіптің кез келген саласында қарқынды тірлік байқалады. Әсіресе, ауылшаруашылық өнімдері көптеп өндіріледі. Автокөлік шығаратын зауыттар да жұмыс істейді. Кремль аумағында ұйымдастырылған көрмеде жергілікті кәсіпорын жетекшілері Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа өнімдерін таныстырып, Қазақстанмен алыс-берісті арттыруға мүдделі екендіктерін жеткізді.

Жалпы соңғы жылдары Қазақстаннан Татарстанға экспортталатын тауарлар көлемі 4,4 есе артты. Бұл мемлекетке былтыр 51,5 миллион доллардың қара металы, 14,2 миллион доллардың минералды отыны және 30 миллион долларға мыс өнімдері саудаланды.

Өзара алыс-беріске қатысты мәселелерді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан президентінің резиденциясында, яғни Рустам Минихановпен кездесуінде талқылады. Сондай-ақ, бауырлас елде атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Қазан қаласының көркі көз сүйсіндіреді. Әсіресе соңғы 5 жылдың бедерінде мұнда сәулеттік тұрғыда бірегей нысандар бой көтерді. Дегенмен, Қазан Кремлі қаланың ежелгі әрі көрнекті орны болып қала бермек. 

Мемлекет басшысы Татарстанмен машина құрастыру саласындағы әріптестікке баса мән берді. Сонымен қатар мұнай-газ және ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестікті нығайту қажеттігін атап өтті.

Кеңейтілген құрамда өткен басқосу сан түрлі саладағы серіктестікке серпін беретіні сөзсіз. Себебі еліміз экономикалық жағдайы жыл сайын жақсарып келе жатқан Татарстанмен өзара байланысты одан әрі де дамыта түспек. Осы жайтты ерекше атап өткен Нұрсұлтан Назарбаев Рустам Минихановқа бірінші дәрежелі «Достық» орденін табыс етіп, екі ел игілігі жолында атқарған еңбегін жоғары бағалады.

Рустам Минниханов, Татарстан Республикасының Президенті:

- Қазақстан біздің басты сауда серіктесіміз. Біз Қазақстанда жиі боламыз. Барлық салада сіздердің қолдауларыңызды сезінеміз. Бүгін өзіңіз айтқандай, ынтымақтастықты тереңдету бағытындағы жұмыстарды дамыту керек. Сіздер мұнай-газ саласында жоғары технологияларды қолданып келесіздер. Сондықтан Қазақстаннан үйренеріміз көп.

Президентке сапар соңына қарай жергілікті тарихи-мәдени жобалардың жүзеге асырылу барысы да таныстырылды. Нұрсұлтан Назарбаев Кремлдің құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Рауан Мыңбаев, тілші:

- Татарстан астанасы Қазанда біздің ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атында көше бар екенін айрықша атап өткен жөн. Оның бойында орналасқан оқу орындары мен әлеуметтік нысандар көп. Яғни қаланың тыныс-тіршілігінде ол аса маңызды рөл атқарады. Оның үстіне, 10 жолақты көше жақында ғана күрделі жөндеуден өткен. Енді қазақ-татар қарым- қатынасының болашағына нық сеніммен қарауға болады. Себебі Мемлекет басшысының бұл жолғы сапары өзара қарым-қатынасты одан әрі дамытуға даңғыл жол салып бергендей.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Жандос Битабаров, Айдос Серікболұлы, Хасен Омарқұлов, Алмас Омарғалиев

Хабар 24 телеарнасы