352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Конституциялық кеңестің төрағасы Қ.Мәмиді қабылдады

  • 381

Парламент пен мемлекеттік органдар қабылдайтын нормативтік құқықтық актілер Ата заңның талаптарына сәйкес келуі керек.

Ақордада Конституциялық кеңес төрағасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Басқосуда Қайрат Мәми конституциялық реформалардың жүзеге асырылу барысын баяндады. Сондай-ақ, бақылаушы органның алдағы жоспарларын таныстырды. Алдағы Ата заң күнін мерекелеуге әзірлік те пысықталды. Ал президент Конституциялық кеңестің заң үстемдігін қамтамасыз етіп, мүмкіндігін молайта түсуді міндеттеді.

Қайрат Мәми, ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы:

- Еліміздегі конституциялық заңдылықтың ахуалы туралы баяндайын деп келдім. Негізінде ата заңның талаптарын мүлтіктсіз орындау, принціптерін бұлжытпай сақтау еліміздің үдемелі дамуының алғышартының бірі. Барлық заңдардың конституцияның заңына сәйкес қабылдау қажеттігін, заңдардың пакетті түрде қабылдану керек екені.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Констициялық кеңес барлық қабылданып жатқан заңдардың, істеліп жатқан жұмыстардың барлығы констицияға сай екенін бақылап отыратын орган ғой. Сол жағынан қарағанда жалпы дұрыс па?

Қайрат Мәми, ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы:

- Жалпы дұрыс. Жалпы ұсыныстардан басқа үлкен өзгерістер енгізілді. Ол тек қана констиуциялық өзгерістермен шектелген жоқ. Соған байланысты көптеген жарлықтардың күшін жойдыңыз немесе өзгерттіңіз және де Парламент көптеген заңдарды қайта қабылдады. Конституциялық кеңес те өзінің нормативтік қаулыларын қайта қарады.

Хабар 24 телеарнасы