USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Теңге vs доллар: Девальвация бола ма?

Теңге vs доллар: Девальвация бола ма?

Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы теңге бағамына қатысты пікір білдірді.

Қор биржасында теңгенің әлсіреуіне сыртқы күрделі макроэкономикалық фактор ықпал етуде. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы мәлім етті. Данияр Ақышев 2015 жылдан бері Қазақстанда айырбас бағамының еркін режимі іске қосылғанын тілге тиек етті. Сондықтан Ұлттық банк валюталық саудаға араласпайтынын, бағам тек сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасатынын жеткізді.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы: 

- Ресей, Түркия және Аргентина сияқты дамыған елдерде өздерінің валюталарын біртіндеп девальвациялауда. Осы орайда ақшаның әлсіреуі болып отыр. Сөйтіп, теңгеге де әсерін тигізіп отыр. Сондай-ақ теңге бағамына макроэкономикалық факторлар ықпал етеді. Бұл өз кезегінде біздің экспорттық тауарларға, мұнайға әсерін тигізбей қоймасы анық. Қазір олардың құны өте жоғары. 

«7-20-25» бағдарламасы аясында банктер халыққа жақын арада несиелер бере бастайды. Данияр Ақышевтің айтуынша, банк пен борышкердің нарықтық принциптерді сақтауы бағдарламаның маңызды бөлігі болып табылады. Ол кредит беруші мен қарыз алушының мүдделері арасында теңдікті қамтамасыз етеді. 

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы: 

- Кепіл институты жан-жақты болуы керек. Кепіл ұстаушының өз талаптарын қанағаттандыру үшін кепіл мүлкін кедергісіз әрі дереу сату мүмкіндігі болуға тиіс. Мұндай түзетулерсіз «7-20-25» бағдарламасын сәтті іске асыру мүмкін емес.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде