352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды

  • 395

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Елбасының тапсырмасымен Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Үкімет басшысы облыс орталығы Көкшетауда болып, бірнеше әлеуметтік және өндірістік нысанның тыныс-тіршілігімен танысты.

Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар мен Президент бастамаларының қалай жүзеге асып жатқанын зерделеді.

Көкшетауда Премьер-Министр алдымен қалалық №1 емханадағы цифрлық технологияларды көрді. Электронды кезек, денсаулық паспорты және басқа да цифрлық жүйелер дәрігерлердің де, тұрғындардың да уақытын едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал медицина қызметкерлерімен кездесуде Бақытжан Сағынтаев «Денсаулық» бағдарламасының орындалу барысын бағамдады.

Мұнан соң Премьер-Министр қаладағы ет өңдеу зауытына ат басын бұрды. Үш жыл бұрын іске қосылған өндіріс ошағы бүгінде жылына 5 мың тоннаға дейін өнім өндіріп келеді. Олардың ішінде шұжықтан бастап түрлі консервілер мен жартылай дайын өнімдер де бар. Ал аймақтың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу барысында «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» бағдарламасындағы жаңашылдықтар мен шаруаларды қолдау тетіктері түсіндірілді.

Облыс активімен және кәсіпкерлермен кездесуде Бақытжан Сағынтаев Елбасы жолдауы, Президенттің 5 бастамасы мен басқа мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысына тоқталды. Осы тұста өңірдің бизнес өкілдері кәсіпкерлік саласын реттеудің жаңа заң жобасын қызу қолдайтындықтарын жеткізді.

Сондай-ақ сапар барысында Премьер-Министр Көкшетаудағы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын зауыттың жұмысын көзбен көріп, жаңа мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметімен танысты.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы