359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Үкіметі онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар қабылдады

  • 249

Астанада Ұлттық ғылыми онкология орталығы құрылады.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі мәлім етті. Үкімет отырысында министрлер кабинеті Елжан Біртановтың баяндамасын тыңдап, онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады. Оның негізгі мақсаттары – ерте диагностикасы, көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу. Оны жүзеге асыру үшін инвестиция тартылмақ. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында медицина жабдықтарын сатып алу көзделген. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, елімізде 10 жылда өлім-жітім көрсеткіші 28,5 пайызға төмендеген. Болашақта онкологиялық көмек көрсету саласын цифрландыру мәселесі көтеріледі. Кешенді жоспар аясында медициналық мекемелер заманауи технологиялармен жабдықталады. Бұдан бөлек, емделуші мониторингін стандарттауға мүмкіндік беретін медициналық ақпараттық жүйелер біріктіріледі. Кадр ресурстарын дамыту, клиникаға дейінгі зерттеу орталығы мен ісік геномының зертханасын құру жоспарда бар.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Кешенді жоспарды іске асыруға 35,1 млрд теңге бөлінді. Ол тегін медициналық көмектің кепілдік көлемін ұлғайтуға бағытталады. Оның ішінде халықтың нысаналы топтарын скринингтермен қамтуды ұлғайту, екіншіден диагностика мен ісікке қарсы емдеуді бақылау үшін ПЭТ зерттеулері қызметтерін ұлғайтуға, онкологиялық ауруларға күдігі бар пациенттердің диагностикалық қызметтерге қолжетімділігін ұлғайтуға бағытталады.

Хабар 24 телеарнасы