359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы «Силумин-Восток» ЖШС-на барды

  • 173

Қазақстан Президенті «SV» өнеркәсіптік жабдықтарын шығаратын «Силумин-Восток» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауытының жұмысымен танысты. 

Кәсіпорын құрылыс пен инфрақұрылым, машина жасау, энергетика, металлургия, тау-кен және мұнай химиясы өнеркәсібі салаларында инжинирингтік қызмет көрсету ісіне маманданған.

Кәсіпорынды аралау барысында Мемлекет басшысына құбыр жүргізу кезінде қолданылатын арматураларды, насостық құрал-жабдықтарды, электротехникалық өнім мен блокты-модульдік ғимараттарды дайындау үдерісі таныстырылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын ұжымымен де кездесіп, әңгімелесті.

Елбасы Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік әлеуеті мен даму қарқынын атап өтті.

– Өңірде өнеркәсіп саласы өркендеп, индустриалды бағдарлама аясында 46 жоба жүзге асырылды. Жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп жатқан кәсіпорындар салынуда. Атап айтқанда, 7500-ге жуық адам жұмысқа орналасты, – деді Мемлекет басшысы.  

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын жұмысшыларына табыс тілеп,  өндірістік көрсеткіштердің одан әрі арта беруіне ниеттестік білдірді. 

Ақпарат көзі: Ақорданың баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы