352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Өскемендегі роботтандырылған хирургия орталығына барды

  • 200

Қазақстан Президенті «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының роботтандырылған хирургия орталығына барды.

Нұрсұлтан Назарбаев «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының базасында құрылған Қазақстандағы тұңғыш Роботтандырылған хирургия орталығының жұмысымен танысты. Орталықты аралау барысында Мемлекет басшысына заманауи операциялық-цифрлық кешеннің жұмысы мен оның даму перспективалары жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті телекөпір режімінде облыстың Аягөз және Зырян аудандарындағы инсульттік орталықтардың ұжымдарымен әңгімелесті.

Елбасы шалғай елді мекендерде медициналық орталықтар салу мақсатымен мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.

Мемлекет басшысы жүрек-қан тамыры ауруларын емдеу сапасын жақсартудың және бала мен ана өлімінің алдын алудың маңыздылығын атап өтті.

 

Хабар 24 телеарнасы