352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық депутаттар демалысқа шықты

  • 197

Бүгін ел Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтті. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин үшінші сессияның жұмысын қорытындылап, болашақ жоспарлармен бөлісті.

Шамамен жарты сағат бұрын Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин алтыншы шақырылған Парламент палаталарының үшінші сессиясын ресми түрде жабық деп жариялады. Бұл сессияда Елбасының жолдауы мен 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруға қажетті заңдарды қарастыруға басымдық берілді. Сессия аясында парламент палаталарының депутаттары 4 бірлескен отырыс өткізді. Мәжіліс 38, ал Сенат 25 жалпы отырыс ұйымдастырған. Бұл басқосулар аясында 400 маңызды маселе қаралды. 129 заң жобасы талқыланып, 84-і кабылданды, олардың 65-іне Елбасы қол қойды. Бұл құжаттар бюджет, әлеует, спорт, мәдениет және тағы да басқа салаларды қамтыды. Нұрлан Нығматулиннің хабарлауынша, Кедендік кодекс, кәсіпкерлік, венчурлық инвестициялар бағыттарына ерекше назар аударылды. Сайлау және көші-қон туралы заңдарға бірқатар өзгеріс енгізілді. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасы да назардан тыс қалған жоқ. Осы орайда Мәжіліс төрағасы Үкімет тарапынан түсетін заң жобаларының сапасына көңіл бөлу қажеттілігін атап өтті. Өйткені кейбір заң жобаларына өте көп өзгеріс енгізуге тура келді.

Қазір парламентте 45 заң жобасы бар. Олардың арасында агроөнеркәсіптік кешен, табиғи монополиялар, жұмыспен қамту салаларын реттейтін құжаттар бар. Елбасы жолдауы мен бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру ісін жалғастырады. Сондай-ақ келесі сессияда депуттатар «Инвестиция – жастарға» атты конференцияны ұйымдастыруды көздеп отыр. Атап өтсек, өткен сессия барысында депутаттар 374 сауал жолдады, оның 274-і Мәжіліске, қалған 100-і Сенат депутаттарына тиесілі.

Авторы: Дариға Ташенова

Хабар 24 телеарнасы