352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Global Silk Road» форумы. Екінші күн

  • 308
«Global Silk Road» форумы. Екінші күн

Елордада Жібек жолы қала мэрлерінің форумы өтіп жатыр. Жиынның бірінші күнінде Жібек жолын цифрландыру, экономикалық теңсіздік, криптовалютаның болашағы сияқты маңызды мәселелер талқыланды.

Айтулы шараға 2 мыңнан аса делегат қатысуда. Оның 70-і Еуропа, Азия және ТМД аумағындағы шаһарларға жетекшілік етеді. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі саясаткерлер, 60-тан аса ірі трансұлттық компанияның өкілдері мен жасанды интеллект робот София келді. 

Бүгін – форумның екінші күні. Шарада сөйлеген Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорданың 20 жылдағы жетістіктерін сөз етті. Ол өз сөзінде 20 жыл ішінде Астананың жалпы өңірлік өнім көлемі 5 жарым есеге артып, 18 млрд долларға жеткенін, осы жылдар аралығында бас шаһарға 47 млрд доллардан аса инвестиция тартылғанын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы