356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде ашылды

  • 531

Бүгін көптен күткен тарихи сәт те келіп жетті. «Астана» қаржы орталығы ресми түрде ашылды.

Әлем көз тіккен шараға 50 мемлекеттен жетекші қаржыгерлер мен сарапшылар, халықаралық ұйымның өкілдері арнайы келді. Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасын іске қосып, алдымен өңірдегі қаржы хабы, кейіннен Азияның жетекші қаржы құрылымына айналу міндетін жүктеді.

Назерке Әбдірахманқызы, тілші:

– Үш күннен бері Астана әлем назарын өзіне аударды. Шартараптың білікті қаржыгерлері бас қосқан форум өтті, бүгін міне «Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде ашылып отыр. Тарихи күннің куәгері болу үшін Форбс тізімінен түспейтін миллиардерлер мен атақты инвесторлар елордаға ағылды. Осылайша дүние жүзі көрікті шаһар ретінде көз тіккен Астана енді қаржы орталығы ретінде жаһанға танылмақ.

Орталықтың ашылу салтанатына 4 мыңнан аса адам қатысты. Олардың ішінде Абу-Дабидің тақ мұрагері, Тәжікстан Президенті, халықаралық ұйымдардың басшылары бар. Айта берсек, тізім осылай жалғасып кете береді. Олар қаржы орталығымен жұмыс істегісі келеді. Оның себебі де түсінікті. Астанада негізі қаланған халықаралық құрылымның Орталық Азияда теңдесі жоқ. Ел қазынасын еселейтін осындай ауқымды жобаға бастамашылық еткен Елбасы болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Впервые идея создания МФЦА была предложена мной в 2015 году - как один из ответов на новые глобальные вызовы. В стране реализуются масштабные структурные институциональные реформы. Они нацелены на повышение конкурентоспособности, вхождение Казахстана в ТОП-30 государств мира. В рейтинге Всемирного банка «Дуинг бизнес» Казахстан в последние 10 лет поднялся с 64-го на 36-е место. За прошедшие годы мы убедились в необходимости долгосрочной перспективы эффективных и устойчивых институтов. Тщательно изучили мировой опыт создания, функционирования, развития финансовых центров в мире, в том числе в Дубае, Сингапуре, Гонконге и других центрах. Казахстанская модель МФЦА воплотила в себе самую лучшую практику деятельности этих структур.

Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығының алдына әлемдік хабқа айналу міндетін жүктеп отыр. Қазір бұл бағытта жұмыс басталып кетті. 55 компаниямен арада әріптестік орнады. Жыл соңына дейін бұл тізім 100-ге жетуі мүмкін. Осылайша 2030 жылға дейін 30 млрд доллар көлемінде инвестиция тарту жоспарда бар. Орталықта жеңілдетілген салықтық жүйе барын ескерсек, көздеген межеге қол жеткізуге мүмкіндік зор. Әрі осында жұмыс істейтін өзге елдің азаматтарына 5 жылға дейін виза беріледі. Ал құжатты рәсімдеу үшін ары-бері сенделмейсіз. Мұнда «бір терезе» қағидаты жұмыс істейді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Участники МФЦА буду иметь доступ к капиталам не только Казахстана, но и всего региона в целом. Для привлечения международных участников в МФЦА созданы беспрецедентные условия, не имеющие аналогов в постсоветском пространстве. Его правовой статус закреплен конституционным законом, официальным языком является английский. Участникам МФЦА предоставлены налоговые льготы до 50 лет, упрощенный валютный, визовый и трудовой режимы. Это единственный центр в регионе, работа которого основана на английском праве. Независимый суд, международный арбитражный центр гарантируют справедливость и защиту прав сторон. Судьями МФЦА мною назначены 9 авторитетных судей из Англии и Уэльса, их возглавляет господин Лорд Вульф, бывший верховный судья Англии. В арбитражный центр также приглашены 23 международных арбитра.

Әділ сот жүйесі болмаса, шетелдіктердің қаржы құрылымына сенім артуы екіталай. Сондықтан «менмін» деген қаржыгерлер орталықтың жұмысына атсалысып, қолғабыс етуде.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– – Сегодня мы с вами дадим старт работе этой биржи. В её деятельности участвует американская биржа Насдаг и шанхайская фондовая биржа. По рыночной капитализации они занимают в мире 2-е и 4-е места. К настоящему моменту на бирже МФЦА насчитывается 14 локальных международных брокеров с общим объемом активов 34 млрд долларов и эти цифры будут расти. Мы планируем вывести на IPO акции крупных горнорудных, нефтегазовых и транспортных, информационно-коммуникационных и других национальных компаний нашей страны. Исламские зеленые финансы также станут важным направлением развития МФЦА.

Бұл ретте халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары орталықтың әлеуетін жоғары бағалады. Мәселен, Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти құрылым «Бір белдеу, бір жол» жобасын іске асыра алады деп санайды. Тіпті Қазақстанға барынша қолдау білдіруге дайын. Ислам даму банкі де әріптестікті тереңдете түсуге мүдделі. Егер «Астана»  қаржы орталығы алдағы уақытта ислам бағалы қағаздарын шығаруды жоспарлап отырған ескерсек, мұндай ынтымақтастық екі жақ үшін де тиімді.

Бандар Хаджар, Ислам даму банкі тобының президенті:

– Мен үшін Ислам даму банкінің атынан бүгінгі тарихи шараға қатысу үлкен құрмет. Бұл – әлемдік деңгейде аса маңызды оқиға. Осы орталықпен әріптестік орнату тиімді нәтиже береріне сенімдімін. Себебі қазақ елі қарқынды дамып келеді. Бір ғана Астананың жалпы өңірлік өнімі 1998 жылдан бері 190 есе ұлғайған. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. ТМД – біздің банк үшін жаңа нарық. Сондықтан бұл аймақта өз қызметімізді жан-жақты ұсынатын боламыз.

Сонымен көптен күткен сәт те келіп жетті. «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасын Елбасы іске қосты.

Астанада жаңа қаржы орталығы пайда болғанын шетелдік журналистер де арнайы трансляция арқылы көріп, жарыса жазды. Бұл оқиға әлемдік белді басылымдардың басты тақырыбына айналары сөзсіз. Осы мүмкіндікті қалт жібермей, Елбасы барша іскер азаматтарды орталықтың жұмысына атсалысуға шақырды. Ал кәсіпкерлер бізбен әріптестік орнатуға ниетті.

Лилал Әльви, халықаралық ислам қаржы нарығының атқарушы директоры:

– Қазақстан мен Ислам банкі бірқатар стандартты енгізу бойынша келісімдер жүргізіп жатыр. Екіжақты байланыстың болашағы зор деп ойлаймын. Арадағы әріптестік қаржы орталығының әлемдік деңгейде танылуына сеп болады.

Тату Липпанен, халықаралық компанияның атқарушы директоры:

– Менің ойымша, қаржы орталығының ашылуы Қазақстан үшін үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Сіздер сол арқылы әлем инвесторларының назарын өздеріңізге аудара алдыңыздар. Қазақстан Үкіметі өте маңызды әрі нәтижелі жұмыс атқарды. Мұнда финляндиялық бизнес қауымдастықты қызықтыратын ауқымды жобалар көп.

Орталықтың ашылуы Астананың 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Ширек ғасырда сайын далаға Астана салған қазақ елі, енді теңдессіз жобаны іске асырып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Құрметті достар! Қазақстанды көркейту, еліміздің стратегиялық мақсатына жету үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Экономиканы әртараптандыру белсенді жүргізілуде. Осы орайда Астана ХҚО өзгерістердің маңызды орны болып саналады. Оның қызметіне сәттілік тілеймін. Бас қаламыздың 20 жылдығы құтты болсын!

Шара барысында Президент заманауи технологиялар қойылған көрмені де аралап көрді. Мұнда цифрлық технологиялардың түр-түрі қойылған. Қаржы саласында кеңінен қолданылатын үздік жобалар да бар.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Әлібек Әлиев

Хабар 24 телеарнасы