369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған отшашу

  • 387

Елордадағы «Қазақ елі» монументі алаңында Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған гала-концерт өтті. Музыкалық кешті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та тамашалады.

Іс-шара барысында астаналықтар мен қала қонақтары отшашуға куә болды. Сахна төрінде қазақстандық және шетелдік әртістер өнер көрсетті. Бұл шараға мыңдаған адам жиналды. Бас қаланы туған күнімен Қайрат Нұртас, Мадина Сәдуақасова, Қарақат Әбілдина, Қайрат Баекенов және Формат, Ninety One, «Бойфренд», «На-На» шығармашылық ұжымдары құттықтады. Мемлекет басшысының бастамасымен Алатау бөктерінен Арқа төсіне ауыстырылған Астана биыл үшінші онжылдыққа қадам басты.

Хабар 24 телеарнасы