359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Бурабайдағы «Біржан-Сара» операсының қойылымын тамашалады

  • 284

Бурабайдың баурайында «Біржан-Сара» операсы сахналанды. КСРО Халық әртісі Мұқан Төлебаевтың төл туындысы ашық аспан астында қойылды. Қазақтың музыка өнерінің інжу-маржанын көпшілікпен бірге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады.

Жасын Біркенов, тілші:

- «Астана Опера» әртістері жұлдызды аспан астында сахналап отырған кезекті қойылым бұл. Бұған дейін Астана аспанын «Қыз Жібек», «Дон Кихот», «Аида» секілді опералар әдемі ән мен күйге, көріністерге бөледі. Даласыз Ұлы дала баласының шабыты қайдан шарықтасын. «Біржан-Сараның» Көкшенің кереметі – Бурабайдағы Абылайхан алаңында сахналануының негізгі себебі осы болмаса да, сол себептің бірі десек, артық айтпаймыз. Бұл жердің таңғажайып табиғатына тамсанбау мүмкін емес. Спектакльдің декорациясына айналған осы ортада жүріп, шабыттың шалқарына еріксіз мінесін. 

Біржан мен Сараның Қоянды жәрмеңкесіндегі айтысы, қуаныш пен қайғысы, ән мен күй, шалқыған би, көшпенділер өмірі, күнделікті қам-қарекеті, той-думаны осы спектакльде көрініс табады. Айтпақшы, операның Бурабайда сахналануы бекер емес. Біржанның елі осы Көкше таулары. Ғашықтар табысып оңаша қалған кезде ақын Сараға осы жерге қашып, Көкше тауларын паналауды ұсынады. 

Жасын Біркенов, тілші:

- Тарихқа үңілейікші. Қазақтың бай музыкасы, ұлттық салт-дәстүрі һәм тұрмысы, ең бастысы, ғашықтар жыры шебер бейнеленген опера драматургиясы алғаш рет 1949 жылы қойылды. Ол кезде бұл қойылым үшін шығармашылық ұжым Мұқан Төлебаевпен бірге Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

Авторлары: Ж.Біркенов, Ж.Битабаров, А.Болтрушевич

Хабар 24 телеарнасы