Қазақстанда ең жоғары ақы төленетін мамандықтар анықталды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Қазақстанда ең жоғары ақы төленетін мамандықтар анықталды

Қазақстанда ең жоғары ақы төленетін мамандықтар анықталды Новости Усть-Каменогорска

Бүгін отандық жоғары оқу орындарындағы білім беру деңгейінің алғашқы нәтижелері жарияланды.

Оған сәйкес елордадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық және Қарағандыдағы Евней Бөкетов атындағы мемлекеттік университеттер тәжірибелі мамандарды тартуға ерекше көңіл бөлетіні анықталды. Мұндай талап Орталық Азия және Каспий қоғамдық университеттеріне де қойылып отыр. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері хабарлады. Спикерлердің айтуынша, жоғары сұранысқа ие мамандықтардың көш басын «Жалпы құрылыс» факультеті бастап тұр. Еліміз бойынша осы салалық білімді 35 оқу орны ұсынып отыр. Себебі бұл салада еңбекақы жоғары. Мұнай-газ ісі мамандығын таңдаған түлектерде – 250 мың теңге. Ал ең төменгі жалақы Биотехнология факультетінің түлектерінде – 70 мың теңге. Жұмысқа орналасу көрсеткішінің пайыздық үлестері де ұқсас, біріншісінде 84 пайыз болса, соңғысында 56 пайыз.

Айта кетейік, жыл соңына дейін ұлттық кәсіпкерлер палатасы 50-ден астам мамандықтың рейтингін ұсынбақ.

Талғат Ешенқұлов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Рейтинг не береді. Біріншіден, биылғы түлектерге бағдар береді. Қай мамандықпен қандай жоғары оқу орнында қалай дайындайтынын көрсетеді. Бұл баға – тікелей жұмыс берушінің бағасы.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде