369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Денис Тенге кімнің пышақ салғаны белгілі болды

  • 365
Денис Тенге кімнің пышақ салғаны белгілі болды

Күдіктілердің бірі Денис Тенге сұққан пышағын жасырған жерді көрсетті. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазір қалалық ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізіп жатыр. Күдіктілер Қиясов пен Құдайбергенов өз қылмыстарын толық мойындады.

«Күдікті Құдайбергенов Арман тексеру кезінде суық қару жасырынған жерді көрсетті. Пышақ қылмыстық іс материалдарына қосылды. Аталған іс бойынша бірқатар сараптама: молекулярлы-генетикалық, қарудың медициналық-криминалистикалық, медициналық-биологиялық сараптамасы, сот медициналық сараптама тағайындалды. Бетпе-бет кездесу барысында Қиясов Нұралы Денис Тенге пышақ салғанын мойындады. Сонымен қатар аталған оқиғаны көзімен көрген адамдар да табылды», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы