353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты

  • 245

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Санкт-Петербургте өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты.

Еуразия бестігінің премьер-министрлері биыл осымен екінші мәрте бас қосып отыр. Бұған дейін ақпан айында Алматы қаласында жиналған еді. Кеңесте алдымен әр елдің өкілдері бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстарын қорытындылады. Биыл Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы ішкі өнім көрсеткіші 2 пайызды құраса, өзара сауда-саттық 15 пайызға артқан. Үкіметаралық кеңес мүшелері экономикалық одақ шеңберіндегі интеграциялық қарым-қатынас бағытындағы өзекті жайттарды, яғни өзара сауда айналымын арттырып, ішкі нарықты қалыптастырудағы кедергілерді жою мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ цифрландыру, ортақ газ нарығын құрылымдау және кедендік одақ шеңберінде транзиттік тауарлардың бірыңғай жүйесін құру сөз болды. Мұндай интелектуалдық желіні енгізу экономикалық бірлестіктің аумағындағы тауарларды бақылауға мүмкіндік береді. Бақытжан Сағынтаев өз кезегінде одақтың мүмкіндіктерін инфрақұрылымдық мегажобаларды жүзеге асыруда барынша қолдану керек екендігін жеткізді. Мәселе Қытай-Қазақстан-Ресей-Беларусь-Еуропа бағытындағы теміржол және көлік магистраліне байланысты. Күн тәртібінде үкімет басшылары 13 бағытқа тоқталды. Оның ішінде энергетика, көлік, өнеркәсіп кооперациясы және кедендік ынтымақтастық, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың құқықыық нормативтік базасын жетілдіру мәселелері бар. Келесі кездесу қазан айында Беларусь елінде өтеді.

Хабар 24 телеарнасы