352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстанда тас көшкінінен зардап шеккен отандастарымыз құтқарылды

  • 271

Қырғызстан тауларында табиғи апаттан зардап шеккен туристер тобын эвакуациялау операциясы аяқталды.

Тау тастарының құлауынан зардап шеккен туристерге «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Енді олар елге жеткізіледі. Қазір туристерді тасымалдайтын әуе-көлігіне құжаттар рәсімделіп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады. Еске сала кетейік, кеше Бішкек қаласынан 40 шақырымдай жерде Скрябин мұздығы ауданында бір топ саяхатшылар таудан құлаған тастардың астында қалып қойды. Салдарынан 4 қазақстандық азамат жарақат алып, бір адам қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы