352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында екі ауданның атауы өзгертілді

  • 232
Павлодар облысында екі ауданның атауы өзгертілді

Елбасы Жарлығымен Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарының атаулары өзгертілді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Павлодар облысының кейбір аудандары:

1) Качир ауданы – Тереңкөл ауданы;

2) Лебяжі ауданы Аққулы ауданы болып қайта аталсын.

  1. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Қазақстан Республикасының                                       

   Президентi                                                                          Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы  4 тамыз                                

           № 724

Хабар 24 телеарнасы