352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрлан Ермекбаев ҚР Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды

  • 426

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекбаев Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол бірнеше лауазымды қызметті атқарған.

Саяси ғылымдардың кандидаты. Қазақ, орыс, қытай, ағылшын және португал тілдерін жетік меңгерген. Еңбек жолын әскери қызметтен бастаған. Соңғы 10 жылдың ішінде Сыртқы істер министрінің орынбасары, Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі, Президент кеңесшісі әрі көмекшісі, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы секілді жауапты міндеттер атқарды. 2016 жылдың қыркүйегінде Нұрлан Ермекбаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалған. Президент жиында сала басшыларына білікті әскери кадрлар даярлауды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

- Еліміздің Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл 25 жыл толды. Бұл жылдар ішінде мемлекет сіздермен бірге көп жұмысты асырып, біздің әскерлеріміз соғысқа қабілетті және сенімді әскерге еліміз ие болды. Соңғы жылдары Қарулы Күштердің дамуы үшін көп шаруа атқардық. Бірқатар маңызды құжат қабылданды. Оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, әскери доктрина, қарулы күштерді дамыту тұжырымдамасы, әскер саласында бірнеше нормативтік база қайта құрылды. Біздің әскердің жағдайы Бас Қолбасшы ретінде әр уақытта менің көз алдымда болды. Қолдан келген шаруаның бәрін әстеп жатырмыз, әлі де істей береміз.

Хабар 24 телеарнасы