359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда Каспий маңы елдерінің бесінші саммиті басталады

  • 199

Ақтауда Каспий маңы елдерінің V саммиті өтеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен жиынға Әзербайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан елдерінің басшылары қатысады.

Бұған дейін де Каспий маңы елдерінің Президенттері 4 мәрте кездесті. Ақтаудағы саммитте Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бекітілмек.

Ақтау саммитіне дайындық барысы қалай? 

Әсем Қабылбек, тілші:

- Қайырлы күн, Мақпал ! Портты Ақтау қаласы соңғы күндері әлемдік қауымдастықтың назарында. Бірер сәттен соң мұнда Каспий маңы елдерінің V саммиті басталады. Оған Қазақстан, Ресей, Түркменстан, Иран және Әзірбайжан елдерінің Президенттері қатысады. Қазіргі уақытта Ақтау әуежайына саммитке қатысушы ресми делегация өкілдерінің ұшақтары келіп қонуда. Саммитке бірінші болып, Иран Президенті Хасан Рухани мен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев келді. Жалпы, төрт құбыласы түгелдей құрлықпен шектесіп жатқан су алабы 5 мемлекеттің шекарасымен шектеседі. Жағалай жатқан 5 ел ризық-несібелерін осы теңізден теріп жүр. Ал оның құқықтық мәртебесін анықтайтын құжат бекітілген емес. Каспий - тұйық көл. Алайда оның үлкендігіне қарап, мұны «теңіз» деп те атайды. Келіссөздердің басталғанына 20 жылдан асса да бестік бірі Каспийді «тұйық көл» дейді, екіншісі «теңіз» дейді. Сөзбұйдаға салудың себебі қайткенде теңізден үлкен үлес иелену. Каспийдің қойнауы мұнай мен газ қорына бай. Қазақстан, Ресей, Иран, Түркіменстан мен Әзірбайжанның қайсы болмасын үлкен үлестен дәмелі. Бесінші рет өткізілетін саммитте Каспийдің құқықтық мәртебесі анықталады деп күтіліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы