369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев пен И.Әлиев көлік-логистика саласындағы әріптестік мәселелерін талқылады

  • 204

Ақтау саммитінен кейін Елбасы Әзербайжан Президентімен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев көлік-логистикалық саласындағы әріптестік мәселелерін талқылады. Әсіресе Каспий теңізіндегі порттар құрылысының елдер арасындағы ынтымақтастықты арттыра түсетіні атап өтілді. Мәселен, Қазақстанның көлік жүйелері арқылы Қытай тауарлары Еуропаға жеткізіледі. Бұл ретте Қазақстан да, Әзербайжан да мол пайдаға кенеледі. Өз кезегінде Ильхам Әлиев те интеграциялық байланыстардың маңыздылығына тоқталды.

Ильхам Әлиев, Әзербайжан Республикасының Президенті:

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бауырлас қазақ жеріне тағы да табан тірегеніме қуаныштымын! Бұл менің Ақтауға алғаш рет келуім емес. Қаланың жыл сайын түрленіп, гүлденіп келе жатқандығына куәміз. Инфрақұрылым, жаңа ғимараттар салынып, оның ішінде әуежайдың бой көтеруі көрген жанды сүйсінтпей қоймас. Осыдан тұтас елдің дамуын аңғаруға болады. Екі ел географиялық һәм тарихи тұрғыда бір-біріне жақын. Қос мемлекет арасындағы жылдар бойы қалыптасқан берік байланысты жаңадан ашылған Құрық порты да жандандыра түспек.

Хабар 24 телеарнасы