352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Ақмола облысындағы орақ науқанына дайындық барысымен танысты

  • 284

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына да жұмыс сапарымен барды.

Елбасы өңірдегі шаруа қожалықтарының біріне аялдап, егістік алқапты аралады. Сондай-ақ төрт түлікті түлетіп отырған еңбеккерлердің іргелі істерімен танысты.

Биыл өңірде 4 миллион 700 мың гектар алқапқа егін егілді. Оның 4,3 миллионы астықтың еншісінде. Яғни, ақмолалық диқандар биыл да қамбаны сары алтынға толтыруды жоспарлап отыр. Сондықтан Елбасы облысқа сапарын әдеттегідей астық алқабын аралаудан бастады.

Бұланды – Ақмола облысының өндірісі өркендеген аудандарының бірі. Құрамында 40-қа жуық ауыл мен бір қала бар. Іргелі шаруа қожалықтары жетерлік. Соның бірі – 62 мың гектар аумаққа егін егетін қожалық.

Дала еңбеккерлерінің тынымды тірлігі қашанда құрметке лайық. Ерте көктемнен қоңыр күзге дейін тер төгетін шаруаларды Жер ана да ырзық-несібесіз қалдырмайды. Жалпы облыста 3 мыңнан астам агроқұрылым бар. Оларға мемлекеттік қолдау ұдайы көрсетіледі. Соның арқасында биыл жергілікті шаруалар 5 жарым миллион тонна астық жинауы мүмкін. Бұл былтырға қарағанда едәуір артық көрсеткіш.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Я в своих поездках старался открыть рынок для наших сельскохозяйственных продукций. Есть большие возможности в этом году хорошо поработать и хорошо заработать.

Орақ науқаны өңірдің кейбір аудандарында басталып кетті. Пісіп-жетілген майлы дақыл түрлері жиналып жатыр. Ал негізгі өнім – астыққа орақ тамыздың соңына қарай түсуі мүмкін. Ол үшін 8 жарым мың комбайн сақадай сай тұр. Соның 3 мыңнан астамы өнімділігі жоғары техникалар.

Мәлік Мырзалин, облыс әкімі:

- Соңғы 3 жылдан бері жергілікті шаруалар өнімділігі жоғары 2 мың техника сатып алды. Ал орақ науқанын жүзеге асыру үшін кепілдендірілген 70 мың тонна жағармай бөлінді. Оның 40 мыңы шаруа қожалықтары жеткізілді. Алдағы қыркүйек-қазан айларында бұл жұмыс толық аяқталуы тиіс. 

Енді өңірдегі егін шаруашылығын әртараптандыру ісіне келсек. Бұл мақсатта облыста басымдық берілген дәнді дақылдар алқабы 150 мың гектарға ұлғайған. Суарылатын жер аумағы да 7 есе көбейтілді. Бұл ретте Елбасының былтыр берген тапсырмасы бойынша Бұзылық және Кеңбидай су қоймалары салу көзделіп отыр. Нысандардың техникалық-экономикалық негіздемесі аяқталуға жақын. Алғашқысының қуаты 1 миллиард текше метрге жетсе, екіншісі 200 миллион текше метр су сақтауға қауқарлы болмақ.

Арман Құдайбергенов, шаруа қожалығының директоры:

- Техника жеткілікті. Мемлекет инвестициялық субсидиямен көмектесіп жатыр. Соның арқасында кәсібіміз қарқынды түрде дамып келеді.

Мал шаруашылығы саласы да ілкімді істерден кенде емес. Мәселен, аймақта бордақылау алаңдарының аумағы кеңейтілген. Енді олардың аясында алдағы 5 жылда 700 жаңа ет фермасы ашылмақ. Бұған қоса, Бұланды ауданында қуаттылығы 50 мың тонна болатын құс фабрикасы салынады. Ендігі мақсат – шетелге жеткізілетін өнім экспорттын ұлғайту қажет.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Переработка сельского хозяйства. Я в прошлом году говорил, что мясоперерабатывающие заводы области используют на 60%, молочные - на 49%. Нам не надо строить новые заводы. Мы же кооперативы создавали, чтобы этим заводам дать сырье.

Егіс алқабында өткен басқосу барысында Президент шаруалардың ұсыныс-пікірлерін де тыңдады. Жергілікті еңбеккерлер игі бастамаларын таныстырды.

Максим Божко, құс фабрикасының басшысы:

- Биыл фабрикамыз толық қуатта іске қосылды. Құс етін Астана нарығына жөнелтіп жатырмыз. Сондай-ақ елімізді жұмыртқамен толық қамтуда өз үлесіміз бар. Алдағы уақытта бұл өнімді Қытай мен Иранға тасымалдауға мүдделіміз.

Бейбіт Ерубаев, серіктестік директоры:

- Өңір шаруалары Мемлекет басшысына салықтық саясат төңірегінде де ұсыныс-пікірлерін де жеткізді. Соған сәйкес елімізде енді бірыңғай аграрлық салық пайда болуы мүмкін.

John Deere, Class және Challenger. Бұл техникалардың қай-қайсы да бір маусымда 2 жарым мың гектар алқаптан өнім жинауға қауқарлы. Барлығы бірдей қосылса, тәулігіне 160 мың гектар жерден астық әрі дәнді дақыл орылады. Аймақ еңбеккерлері жұмысты осы қарқынмен жүргізетін болса, орақ науқаны 25 күнде, былайша айтқанда 1 айда аяқталуы тиіс.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Жандос Битабаров, Антон Болтрушевич

Хабар 24 телеарнасы