359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Аралды құтқару қорына құрылтайшы елдер саммитіне қатысады

  • 169

Қазақстан Президенті Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысу үшін Түрікменбашы қаласына келді. Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысуы, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуі жоспарланып отыр.

Арал теңізін сақтау – ортақ міндет. Бүгін Түрікменстанда халықаралық Аралды құтқару қорына құрылтайшы мемлекеттер жиналып, теңізге қатысты түйткілді мәселелерді талқылайды. Түрікменбашы қаласы Халықаралық Аралды құтқару қорына құрылтайшы мемлекеттердің саммитін өткізуге дайын. Бүгін әлем назары осы шаһарда болмақ. Себебі су Орталық Азия елдері үшін өзекті. Арал теңізін сақтауға қатысты жиында қорға құрылтайшы елдердің басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кеңесетін болады. Биыл Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қорға 25 жыл. 1993 жылдың 26 наурызында Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшылары - Орталық Азия елдерінің басшылары Қызылорда қаласында бас қосып, ортақ мәмілеге келген болатын. Ширек ғасырда Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан Арал теңізін сақтап, қалпына келтіру үшін көптеген шараны бірлесіп атқарғаны белгілі. Игілікті іске ғылыми топ та жұмылдырылды. Кіші Аралды жаңғырту көпшіліктің үмітін қайта маздатты. Аралды құтқарудың халықаралық қоры бүгінгі таңда аймақтағы 5 ел түгел қатысып отырған бірден-бір саяси алаң. Айтулы саммитке  аталған бес мемлекеттің көшбасшылары қатысады деп күтіліп отыр. 

Хабар 24 телеарнасы