361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық телевизия майталмандары «Хабар» арнасының эфиріне қайта оралады

  • 432
Отандық телевизия майталмандары «Хабар» арнасының эфиріне қайта оралады Хабар

Отандық телевизия майталмандары Зейін Әліпбек, Айгүл Мүкей, Гауһар Керімова және Марат Мұхамедсалиев жаңа маусымда «Хабар» арнасының көрермендерімен қайта қауышады.

3 қыркүйектен бастап  Айгүл Мүкей қоғамдық-әлеуметтік «Давайте говорить» бағдарламасын жүргізетін болады. Танымал тележүргізуші  бағдарламада көпшілікті толғантқан өзекті мәселелерді көтереді.

Ал Зейін Әліпбек, Гауһар Керімова және Марат Мұхамедсалиев жаңалықтар айдынында қызметтерін жалғастыратын болады.

Сонымен, көрермендер «Хабар» арнасының жаңа телемаусымында тың әрі қызықты бағдарламаларды тамашалай алады. Оның ішінде жас дарындардың Junior Eurovision 2018 өнер додасын, «Топжарған» музыкалық шоуын, сондай-ақ интеллектуалды «Зерде» бағдарламасын ерекше айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы