359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы әріптестерімен жүздесті

  • 385

Елбасы Теміртау қаласының мәдениет және демалыс саябағына барды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілген қайта жөндеу жұмыстарының нәтижелерімен де танысты. Президент бюджеттен тыс қаражат есебінен саябақ аумағында салынған нысандарды аралады. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев саябақта қаланың өткен ғасырдың 50-60 жылдардағы тарихын бейнелейтін театрландырылған қойылымды тамашалады. Президент өз замандастарымен және металлургия комбинатында бірге жұмыс істеген бұрынғы әріптестерімен жүздесіп, әңгімелесті.

Хабар 24 телеарнасы