352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды-Балқаш жол учаскесінде құрылыс жұмыстары басталады – Жеңіс Қасымбек

  • 140
Қарағанды-Балқаш жол учаскесінде құрылыс жұмыстары басталады – Жеңіс Қасымбек lenta.inform.kz

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек еліміздегі негізгі жолдардың құрылысы туралы баяндады.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Сәулелік принцип бойынша Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс дәліздерінің реконструкциясы жүргізілуде.Реконструкциялау жұмыстары 2013 жылы басталған Орталық-Оңтүстік дәлізінің ұзақтығы 1291 шақырымды құрайды. Дәліз толығымен бірінші техникалық категорияға ауыстырылады. 2013-2017 жылдар аралығында Астана-Теміртау (171 шақырым) және Алматы-Қапшағай (104 шақырым) учаскелерінде қозғалыс ашылды. Биыл Теміртау-Қарағанды (14 шақырым) учаскесіндегі қозғалысты ашамыз. Қарағанды қаласының айналма жолында (48 шақырым) және Құрты-Бурылбайтал (228 шақырым) учаскесінде жұмыстар жүргізіле бастады. Сонымен қатар, биыл қазан айында Батыс Еуропа - Батыс Қытай жобасының ағымдағы займдарын үнемдеу есебінен Балқаш-Бурылбайтал (297 шақырым) учаскесінің реконструкциясын бастауға келісімшарт жасау жоспарлануда», - деп тоқталды министр.

«2019 жылдан бастап мемлекеттік кепілдік займдары есебінен Қарағанды-Балқаш (363 шақырым) және Құрты-Қапшағай (67 шақырым) учаскелерінің реконструкциясын бастау жоспарлануда. Жалпы, жоба 2020-2021 жылы аяқталады деп болжап отырмыз. Ұзақтығы 904 шақырым болатын Орталық-Шығыс дәлізінің реконструкциясы толық қарқында жүргізілуде. Бүгінгі күні Астана-Павлодар (200 шақырым) және Павлодар-Семей-Қалбатау (204 шақырым) учаскелерінде қозғалыс ашық. Биыл 500 шақырымда жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде 239 шақырым жолды осы жылы, қалған 261 шақырымды 2019 жылы аяқтаймыз. Осылайша, биыл Астанадан Павлодарға дейінгі, ал 2019 жылы Қалбатауға дейінгі қозғалысты толық ашамыз», - деді ведомство басшысы.

Айта кеткен жөн, «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015-2017 жылдары халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысы мен реконструкциясына 932 миллиард 4 миллион теңге бөлінді (Оның ішінде Ұлттық қордан 472,8 млрд теңге).

Бөлінген қаржы еліміздің барлық аймақтарында 5,6 мың шақырымнан астам жолға құрылыс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді.3 жылдың қорытындысы бойынша 1,8 мың шақырым жолда қозғалыс ашылды. Барлық жобаларға 80 мыңға жуық адам тартылды. Отандық өндірушілер материалдарының үлесі 95%-дан асады.

Хабар 24 телеарнасы