356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда емханаға тіркеу науқаны басталады

  • 425

Ертең елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Шара екі айға созылады.

Осы аралықта тұрғындар өзі қалаған емдеу мекемесін таңдай алады. Оны үш түрлі әдіспен жүзеге асыруға болады. Алғашқысы таңдаған емханаға тікелей бару арқылы, екіншісі электронды қолтаңбаны пайдаланып, онлайн тіркелу. Қолтаңба болмаған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жазыласыз. Жүктемесі тым көп болмауы үшін бір дәрігерге қаралатын адам саны 1700-ден аспауы тиіс. Егер медициналық мекемені ауыстырғандар болса, олар жаңа емхананың қызметіне 1 қаңтардан бастап жүгіне алады. Оған дейін бұрынғы жерде қаралады.

Айта кеткен жөн, тұрғындар емхананы жылына бір рет ауыстыра алады. Былтыр бұл мүмкіндікті 300 мың адам пайдаланған. Ал жалпы науқанға 580 медициналық мекеме қатысады.

Забира Оразалиева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры:

- Ал егер тіркеп жатқан отбасы мүшесі бала болатын болса 18-ге толмаған ондай жағдайда баланың мүддесін қорғайтын, мүддесін қандай бір жерде білдіретін ата-ана немесе заңды тұлға сол баланың атынан өтініш тастап және де құжатының көшірмесін беріп солай тіркеуге мүмкіндігі бар. Бұл жерде айта кететіні балаларды 18 жасқа толмаған балаларды мүмкіндігінше қазір тек қана емханалар арқылы тіркеуге болады.

Хабар 24 телеарнасы