356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин өзінің алғашқы жеңілісі туралы пікірін білдірді

  • 444
Головкин өзінің алғашқы жеңілісі туралы пікірін білдірді The Hindu Patrika

GGG кәсіпқой рингтегі бүкіл белбеуіннен айырылып, сұхбат бермей рингтен шығып кетті.

Орта салмақтағы экс-чемпион, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен өткен матч-реванштағы жеңілісі туралы пікірін білдірді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Олардың жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Олар бір жыл бұрын кездесіп, қарымта тең есеппен аяқталған болатын.

Екінші жекпе-жек те 12 раундқа созылып, ұпай айырмасымен Альварес жеңді. Головкин үшін бұл алғашқы жеңіліс болды.

«Мен жекпе-жекте кім жеңгенін айтпаймын, өйткені төрешілер шешімімен «Канело» ұтты. Жанкүйерлер үшін жақсы жекпе-жек өтті деп ойлаймын. Мен одан жақсы төбелесемін деп ойладым», - деді Головкин.

Хабар 24 телеарнасы