Туристерді ПТР-тестілеу туроператорлар пакеттерінің құнына енгізілетін болады

Туристерді ПТР-тестілеу туроператорлар пакеттерінің құнына енгізілетін болады
Ак Жайык

Қазақстанда міндетті ПТР-тестілеу құнын демалушы азаматтар есебінен туроператорлар пакетінің құнына енгізу туралы шешім қабылданды.

Бұл шешім туристік операторлармен, «Атамекен» ҰКП-мен, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен талқылау қорытындысы бойынша қабылданды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда шетелден келгендердің 80%-і ПТР тестсіз оралады. Олардың 41%-і – Египеттен, 27%-і – Мальдивтен, 16%-і – БАӘ-мен және 8,3%-і Түркиядан келген.

Айта кетейік, шетелден келген демалушылардың 80%-інде коронавирус инфекциясы анықталып отыр, оның ішінде: Египеттен – 96 адам, Түркиядан - 50, БАӘ - ден-51.