Қ.Тоқаев: Елорда ұлтымызды жасампаздыққа, даму мен өрлеуге жетелейді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады.
Бұл туралы ол өзінің «Твиттер» парақшасында жазды.
«Отандастарымызды Елорда күні мерекесімен құттықтаймын! Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында Ұлы дала кіндігінде Тәуелсіздігіміздің жарқын символына айналған заманауи қала бой көтерді. Елорда ұлтымызды жасампаздыққа, даму мен өрлеуге жетелейді», - деп жазды Мемлекет басшысы.