Мемлекет басшысы Пусан қаласында ҚР Бас консулдығын ашу туралы жарлыққа қол қойды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Пусан қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы жарлыққа қол қойды.
Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев