Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңес мүшесі болды

Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңес мүшесі болды
gov.kz

Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше болып сайланды.

Қазақстанның кеңестегі жұмысының басым бағыттары әйел құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, өлім жазасын жою, адам құқықтарын құрметтеу. Қазақстанмен бірге Адам құқықтары жөніндегі кеңес құрамына АҚШ, Финляндия, Малайзия, Катар және Біріккен Араб Әмірліктері секілді алдыңғы қатарлы мемлекеттер бастаған біраз ел бар. Бұған дейін еліміз Адам құқықтары жөніндегі кеңеске 2013-2015 жылдарға сайланған еді. Бұл жолғысы 2022-2024 жылдар аралығын қамтиды.