20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин шаралары жеңілдейді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой Үкімет отырысында 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин шаралары жеңілдейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министрдің айтуынша, келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі.

Ал түнгі клубтардың қызметі тек «жасыл» мәртебесі бар адамдарға рұқсат етіледі, бірақ:

- толымдылығы 50%-ке дейін, бірақ «жасыл аймақта» 100 адамнан артық емес;

- «сары аймақта» 70 адамнан артық емес;

- «қызыл аймақта» 50 адамнан артық емес болуы шарт.

Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің:

 - жұмыс уақыты «жасыл аймақта» сағат 03:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары – сағат 05:00-ге дейін,

- «сары аймақта» сағат 01:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары сағат 03:00-ге дейін ұзартылады.