Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
khersonline.net

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 21-23 қазанына арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Мурманск аудандарынан келген циклон жаңбыр мен қар түрінде, 22 қазанда елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда – қатты жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстікте, орталықта және шығыста боран түрінде көрініс табады.

Оған қоса, ауа температурасы түнде 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 2-10 жылы аралығында болады. Ал 22 қазаннан бастап еліміздің батыс өңірлеріне антициклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашынның біртіндеп тоқтатылуы және күндіз ауа температурасының 15-22 жылыға дейін көтерілуі күтіледі.