Цой коронавируске қатысты жаңа болжам жасады

Цой коронавируске қатысты жаңа болжам жасады

Қараша айында коронавирус қайта күшейіп, бір тәулікте 1800 қазақстандық коронавирус індетін жұқтыруы мүмкін.

Ал желтоқсанда бұл көрсеткіш 2350-ге жетуі ықтимал. Еліміздің Денсаулық сақтау министрі осындай болжам жасады.

Алексей Цойдың айтуынша, жағдай тұрақты болса, бір күнде тіркелетін науқастар саны 1 жарым мыңнан аспайды. Осы орайда министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, эпидемиологиялық ахуалды жіті бақылайды.

Айта кетерлігі, соңғы 2 ай ішінде коронавирус індетін жұқтыру дерегі 4 жарым есе азайды.