Тоқаев Венгрияның Қаржы министрін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Тоқаев Венгрияның Қаржы министрін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Әлемдегі ахуалға қарамастан, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы байланыстардың даму қарқыны бәсеңдеген жоқ. Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варга Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқавепен кездескенде осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шетел саясаткері Мемлекет басшысына пандемия кезінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, елордадағы бірлескен бизнес-форумның табысты өткенін айтты. Тараптар сауда-экономикалық, қаржы, инвестиция және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарды дамыту жайын қарастырылды. Сондай-ақ пандемияға қарсы күрес шаралары, климаттың өзгеруі және аймақтық күн тәртібіне қатысты мәселелер де осы басқосуда сөз болды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.