1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

1 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы айтулы күндердің бірі.

Өйткені 30 жыл бұрын дәл осы күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев егемен елдің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Сол сәттен бастап ел тағдыры Ұлт көшбасшысының қолына сеніп тапсырылды. Жалпы елдің іргетасын қалаған тұлғаларды ардақтау, олардың билікке келген күнін ұлттық мейрам ретінде атап өту – өркениетті елдердегі дәстүр. Осыны негізге алған депутаттар 2011 жылдың 10 желтоқсанында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға толықтырулар енгізді. Міне осы заңда 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі болып белгіленді. Бүгін Тұңғыш Президент күні осымен оныншы рет аталып өтеді.