1986 жылғы наразылық халықтың бостандыққа ұмтылысын көрсетті - Тоқаев

1986 жылғы наразылық халықтың бостандыққа ұмтылысын көрсетті - Тоқаев
akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Хабар 24.

«Осыдан 35 жыл бұрын қазақ жастары Кеңес одағының өктемдігіне қарсы шықты. 1986 жылғы наразылық шеруі халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының өшпес ерлігі біздің мемлекеттілік тарихымызға мәңгі жазылды», - делінген хабарламада.