«Самұрық-Қазына» қызметкерлер санын 50%-ке қысқартты

«Самұрық-Қазына» Қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітіліп, қызметкерлер саны 50%-ке қысқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нақтырақ айтсақ Қор қызметкерлерінің саны екі есе, яғни 248-ден 124-ке дейін, ал басқарушы қызметтер саны 10-нан 5-ке дейін қысқарды.

Құрылымдық бөлімдер саны 27-ден 18-ге қысқартылса, «кеңесші» қызметтері мүлдем жойылды.

Қордың шетелдегі өкілдіктерін жабу туралы да шешім қабылданды.

Қордың жаңа ұйымдық құрылымы ресми сайтта жарияланған.

Сондай ақ Басқарма ел Үкіметіне жолданатын Қорды реформалау бағдарламасын дайындау мерзімдерін бекітті.