Мемлекеттік бастамалар Елбасымен келісілмейді

Мемлекеттік бастамалар Елбасымен келісілмейді
RT

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасымен келісуді көздейтін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы туралы» Конституциялық Заңның 1 бабы 6 бөлігін алып тастау ұсынылған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Парламенттің қос палатасы да конституциялық заңнамаға өзгеріс енгізуді мақұлдап отыр. Мәжілістің жалпы отырысына қатысқан 93 депутат «бастамаларды Елбасымен келісу жөніндегі» норманы алып тастауды бірауыздан қолдады. Себебі ата заңда ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі бағыттарды Президент айқындайтыны жазылған.