Мемлекет басшысы Қазан қаласына барды

Мемлекет басшысы Қазан қаласына барды

Татарстан астанасының халықаралық әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика басшысы Руслан Минниханов қарсы алды.

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында осылай хабарлады.

Айта кетейік, мемлекет басшысының Ресейге жұмыс сапары кеше басталған болатын.  Қазақстанда, Ресейдің жетекші оқу орындарының, филиалдары ашылады. Қасым Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге жұмыс сапары барысында осы бағытта, әріптестікті дамыту жайы талқыланды. Қос мемлекет цифрландыру, ғарыш кеңістігін игеру, және атом энергетикасы, маман даярлау бойынша келісімдер жасады.

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

– Мемлекет басшысы Қазан қаласына келді. Татарстан астанасының халықаралық әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика басшысы Руслан Минниханов қарсы алды.