Атырау облысының Сағыз ауылын су басты 

Атырау өңіріндегі Қызылқоға ауданына қарасты елді мекеннің ішінде қар суы ұлғайып, Ноғайты өзенінің де деңгейі көтерілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп тасыған су бірнеше үйге кірді. Құтқарушылар 24 үйден адамдарды алып шықты. Олар ауылдық колледж бен мектепке орналастырылды. Ал ауыл тұрғындарының айтуынша, су тасқыны туралы алдын ала ескерту болмаған.